«БАРЫС» АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДА «МЕТАЛЛУРГТЕН» ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
Гагарин Кубогының Шығыс конференциясындағы жартылай финалдық кездесудің алғашқы ойынында «Металлург» өз айдынында «Барыстан» басым түсті.
Кездесудің бірінші кезеңінде «Металлург» Оскар Осала соққан шайбаның арқасында алға шықты. Екінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Ал үшінші кезең де айдын қожайындарының жеңісімен аяқталды. Томас Филиппи, Ян Коварж және Данис Зарипов соққан шайбалар «Металлург» командасына ірі жеңіс алып келді. Есеп 4-0.
Естеріңізге салсақ, «Барыс» Шығыс конференциясындағы жартылай финалына «Трактор» командасын ұтқан болатын. Ал «Металлург» болса қытайлық «Куньлунь Рэд Стар» командасын жарыс жолынан шығарған еді.
«Металлург» пен «Барыс» арасындағы келесі ойын да Магнитогорскте өтеді. Содан кейін «Барыс» өз айдынында екі ойын өткізеді. Келесі кезеңге төрт жеңіске бірінші жеткен команда жолдама алады.