АУЫР АТЛЕТИКА: СЫР СПОРТШЫЛАРЫ ЕКІНШІ ОРЫНДА
Бұған дейін 1-5 наурыз аралығында Қызылордада ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан Республикасының кубогы және чемпионаты өтіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Бес күнге созылған жарыста Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 14 команда, 150 зілтемірші өзара мықтыны анықтады.
Жылдағы дәстүр бойынша 105 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшыға ақшалай сыйлық пен Илья Ильин атындағы кубок сарапқа салынды. Бұл бәсекеде қызылордалық Рүстем Сыбай кубок пен сертификаттың иегері атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысының ерлер командасы топ жарды. Қызылорда облысының командасы екінші орыннан көрінсе, Шығыс Қазақстан облысы үшінші орынды еншіледі.
Ал әйелдер арасында Алматы қаласы жеңімпаз атанса, қалған орындарды Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары иеленді.
Сондай-ақ, жерлестеріміз Рүстем Сыбай мен Әсем Садықова 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Жекелей жаттығулар бойынша жарыс нәтижесі төмендегідей болды. Әйелдер: 48 келі Юлия Потасова (Алматы) - 145 (65+80), 53 келі Әсел Амангелді (Алматы қ.) - 175 (78+97), 58 келі Сәуле Сәдуақасова (Қостанай) - 195 (85+110), 63 келі Әсем Садықова (Қызылорда) - 200 (90+110), 69 келі Майра Файзуллаева (ОҚО) - 210 (90+120), 75 келі Раушан Мешітханоа (Алматы қ.) -212 (102+110), 90 келі Валерия Дежнина (Қостанай) - 185 (85+100), +90 келі Александра Аборнева (ОҚО) - 240 (105+135), ерлер: 56 келі Асанханұлы Алмат (Қызылорда) - 203 (88+115), 62 келі Игорь Сон (Алматы) - 269 (119+150), 69 келі Михаил Дроздов (Алматы) - 295 (135+160), 77 келі Альберт Линдер (Алматы) - 327 (145+182), 85 келі Семен Линдер (Алматы) - 342 (160+182), 94 келі Айбек Жәнібеков (ОҚО) - 336 (151+185), 105 келі Рүстем Сыбай (Қызылорда) - 377 (166+211), +105 келі Ибрагим Берсанов (Алматы) - 367 (170+197).