ОЛАР ЖЕҢІС ҮШІН ОРАЛДЫ
Сенбі күні «Қайсар» және «Байқоңыр» футбол клубтарының тұсаукесері өтті. Шарада облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сөйлеп, облыс атынан сынға түсетін қос командаға сәттілік тіледі.
- Биыл «Қайсар» Премьер-лигада өнер көрсетер болса, «Байқоңыр» Бірінші лигада, «Қайсар U 21» Екінші лигада бақ сынамақ. Алайда, «Қайсар» кейде көш бастап үздіктер қатарынан көрінсе, енді бірде қарқыны бәсеңдеді. Десек те, ол өзінің ең басты миссиясын орындап отырды. Қиындықтарға қарамастан біз команданы үнемі қолдаумен болдық. «Қайсардың» ағымдағы жылғы бюджеті нақтыланды, енді тек команданың жаңа жеңістерін күтеміз. Командаға жоғары білікті маман, Болгар ұлттық құрамасының бұрынғы басшысы, бірнеше чемпионды тәрбиелеген Стойчо Младенов бапкер болып бекітілді. Алдағы уақытта команданың Премьер-лигада сәтті өнер көрсетуіне бапкер тыңғылықты жұмыс жасайды деп сенеміз,- деді әкім.
«Қайсар» және «Байқоңыр» футбол командаларының ойыншылары өздерінің киім үлгілерін көрсетті, ал облыстық футбол федерациясының президенті Садық Мұстафаев оларға футболкалар табыстады.
Жалпы қайсарлықтардың басты жеңісі – Премьер-лигаға оралуы болды. Команда құрамы жаңарып, жаңа маусымға қызу дайындалды. Қорытындысында Былтыр «Қасқырлар» құрамында ойнаған легионерлер арасынан Иван Граф қана өз орнын сақтап қалды. Биылғы маусымда команда сапын Стойчо Младенов жұмыс істеген «Атыраудан» алты ойыншы, сондай-ақ Мақсат Байжанов, Евгений Горячий, Жамбыл Көкеев, Ілияс Әмірсейітов және Дмитрий Евстигнеев, қақпашылар – Марсель Исламқұлов пен Антон Цирин толықтырды. Бұдан бөлек, «Қайсарда» бурундилық Саиди Нтибазонкиза, Мартиника ұлттық футбол құрамасының аяқдопшысы Матиас Курьор, Сьерра-Леонедан Джон Камара және Черногориядан Стефан Николич ойнайтын болады.