ЕРКІН КҮРЕС – ҚЫЗЫЛОРДА ЧЕМПИОН!
Шымкент қаласында ересектер арасында күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Айтулы жарыста облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі мен Олимпиадалық резерв даярлау орталығында тәлім алатын спортшылар табысты өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысында еркін күрестен өнер көрсеткен жерлестеріміз 2 алтын, 1 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.
Атап айтсақ, 61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Дәулет Ниязбеков пен 74 келіде Ғалымжан Өсербаев Қазақстан чемпионы атанса, 70 келіде Қанат Мұсабеков қола жүлдеге ие болды.
Еркін күрестен облыстың аға жаттықтырушысы Әбутәліп Амановтың айтуынша, спортшылар енді Болгарияда өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысады. Одан кейін халықаралық турнирде бақ сынайтын болады.
Ал әйелдер күресінен 55 келіде Гүлсім Қазанова мен 75 келіде Азиза Тұрмағанбет қола жүлдені еншіледі.
Грек-рим күресінен 59 келіде Айдос Сұлтанғали мен 66 келіде Айдос Сүлеймен күміс, 71 келіде Айдос Мұқан қола жүлделерге қол жеткізді.