АУЫР АТЛЕТТЕРДІҢ СЫРДАҒЫ САЙЫСЫ
Қызылордада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы және чемпионаты басталды. Онда Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 14 команда 150 спортшы 16 салмақ дәрежесінде сынға түсуде.
Аталмыш жарыс 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына спортшыларды іріктеу сыны болып табылады.
Сондай-ақ, 105 келі салмақта жеңімпаз атанған спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты беріледі.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы, ҚР ауыр атлетика федерациясының жауапты хатшысы Асхат Бағланұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорик Пак ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
5 наурызда қорытындыланатын жарыстың алғашқы күнгі жеңімпаздары белгілі болды.
Әйелдер: 48 келі: Юлия Потасова (Алматы) - 145 (65+80), 53 келі:
Әсел Амангелді (екеуі де Алматы). Ерлер: 56 келі:
Алмат Асанханұлы (Қызылорда).