«ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСАТЫН БАЛУАНДАР ЕСІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Қазақ күресінен Павлодарда алғаш рет өткелі отырған халықаралық "Әлем барысы" турниріне қатысатын балуандар есімі түгелдей дерлік белгілі болды, деп хабарлайды "Алаш айнасы".
Әлемнің 32 елінен келген түйе балуандар солтүстік өңірде жүлде қоры 150 мың АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнирдің жүлделі орындарды сарапқа салатын күн жақын. Бұл жолы ел намысын төрт балуан қорғайтын болғанымен, оған алты үміткер ұсынылған болатын. Үміткерлер арасынан Бейбіт Ыстыбаев, Айбек Нұғымаров, Асыл Бәрменов, Руслан Әбдіразақов таңдалды.
Қазанның жиырма бесі күні Павлодардағы «Астана» мұз айдыны сарайы дүбірге бөленгелі тұр. Себебі, ел намысын қорғайтын балуандарымыздың қарсыластарының осалы жоқ. Әрісі, АҚШ, Латын Америкасынан келген балуандар болса, одан өзге Африка, Еуропа, Азия спортшылардың көбі әлем және Еуропа, Африка чемпионаттарының жеңімпазы мен жүлдегерлері.
«Әлем Барысында» ел намысын қорғайтын төрт палуанның төртеуі де – «Қазақстан Барысы» турнирінде жүлде алған жігіттер. Әлемнің әр түкпірінен келген балуандарды ұту біздің жігіттерге оңайға соқпасы анық. Себебі, олардың көбісі – дзюдо күресінен әлем және Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары. Тіпті, араларында Олимпиада жүлдегерлері де бар. Сондықтан, ел үміт артқан жігіттердің бағы шапсын деп тілек білдіреміз.