«АТЫРАУ»: МИНУС 9
«Атырау» футбол командасы Қазақстан премьер-лигасындағы жаңа маусымын -9 ұпаймен бастайды. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ҚФФ-ның «Атырау» футбол клубын 9 ұпайдан айыру туралы арызын қабылдап, 2017 жылғы Премьер-Лига командаларының арасындағы чемпионаттың турнирлік кестесіне тиісті өзгерістер енгізді. FIFA-ның тәртіптік комитеті аталған клубты ойыншы Jonathas Ricardo Sousa da Costa алдында қарызды өтеу туралы шешімді орындамағаны үшін 3 ұпайдан, ал бапкер Zoran Filipovic алдында қарызды өтеу туралы шешімді орындамағаны үшін 6 ұпайдан айыру туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.