ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫЛАР БОЛГАРИЯДА ШЕБЕРЛІКТЕРІН ДӘЛЕЛДЕДІ
Болгарияның София қаласында өткен «Странджа» атты халықаралық бокс турнирінде қызылордалық былғары қолғап шеберлері жақсы өнер көрсетіп, ел абыройын асқақтатты, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Жарысқа Қазақстаннан қатысқан 7 спортшы арасында Сыр елінің боксшылары ғана өздерінің мықтылығын дәлелдеді. Атап айтқанда, 75 келі салмақта сынға түскен Тұрсынбай Құлахметов финалда болгар спортшысын 5:0 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Қамшыбек Қоңқабаев қола жүлде еншіледі.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын қос спортшыны жарысқа Ғалым Байғұндиев пен Жәміл Жүсіпов дайындаған.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын қос спортшыны жарысқа Ғалым Байғұндиев пен Жәміл Жүсіпов дайындаған.