ЭЛИЗАБЕТ – ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР!
Қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева Азия ойындарының қола жүлдегер атанды. Мәнерлеп сырғанаудан VIII қысқы Азия ойындарының қыздар арасындағы бәсекесі аяқталды деп хабарлайды 24.kz.
Қысқа бағдарлама бойынша Элизабет алтыншы орын алған болатын. Еркін бағдарламада сәтті өнер көрсеткен отандасымыз үздік үштікке енді. Барлығы 175,04 ұпай жинады. Алтын медальды Оңтүстік Корея елінің мәнерлеп сырғанаушысы Дабин Чои (184,54) жеңіп алды. Күмісті қытайлық Ли Зижун (176,60) иеленді.
Тағы бір қазақстандық спортшы Айза Иманбек 132,64 ұпаймен (жеке рекорды) сегізінші орыннан көрінді. Сондай-ақ шаңғымен трамплиннен секіруде Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста Жапониядан кейін екінші нәтиже көрсетті. Азия ойындары ертең аяқталады.