ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КАРАТЭШІЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ!
Жамбыл облысы Тараз қаласында «Темір» спорт клубының 20-жылдығына арналған каратэ-додан ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты аяқталды. Аталмыш чемпионатқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 150-дей спортшы бақ сынады. Қызылордалық спортшылар аталмыш жарыстан 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медальмен оралды.
Әйелдер арасында кумитэ бағдарламасы бойынша сынға түскен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды. Салтанат Исмайлова (-50 келі) күміс жүлдеге ие болса, Меруерт Төреғали (-55 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Үш спортшымыз қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқиды.
Ерлер арасында Қуандық Монтай (-55 келі) мен Сүйіндік Монтай (-60 келі) үшінші орынды қанағат тұтты.
Енді Мөлдір Жаңбырбай үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Сингапурде болатын Азия чемпионатына қатысуға дайындалуда.
Спортшыларды жарысқа Рүстем Әбжәмиев, Талап Әбдіраманов және Нұржан Ақпанбет дайындады.
Сондай-ақ, осы уақытта Тараз қаласында каратэ-додан республикалық турнир қатар өтті. Аталмыш турнирде спортшыларымыз 3 алтын, 2 күміс, 4 қола медальді жеңіп алды. Жеңімпаз атанған спортшылар: Ерболат Бодық (10-11 жас, -40 келі), Әділет Төлеу (14-15 жас,-57 келі), Мөлдір Жаңбырбай (16-17 жас, -53 келі). Күміс жүлдегерлер: Әділет Төлеу (16-17 жас, -55 келі), Ақмарал Бекназар (12-13 жас, +45 келі). Қола жүлдегерлер: Ердәулет Ысмағұлов (6-7 жас, +20 келі), Алмас Жүзбай (10-11 жас, +45 келі), Диас Молдабек (12-13 жас, -35 келі), Диана Досқали (16-17 жас, -53 келі).