ЭЛИЗАБЕТ АЗИАДАНЫҢ ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАСЫНДА АЛТЫНШЫ ОРЫН АЛДЫ
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиаданың қысқа бағдарламасында алтыншы орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол 53,16 ұпай жинады. Тұрсынбаевадан озған бес спортшы: аустралиялық Кэйлани Крэйн (55,02 ұпай), Қытайдың екі өкілі - Ли Цзыцзюнь (58,65) және Чжао Цикан (58,90), жапон спортшысы Рика Хонго (60,98) және Оңтүстік Корея өкілі Чой Да Бин (61,30).
Тағы бір қазақстандық Айза Мамбекова сегізінші орында келеді. Ол 49,99 ұпай жинады. Енді отандастарымыздың еркін бағдарламасы 25 ақпанда Астана уақыты бойынша 14:00-де басталады.
Тағы бір қазақстандық Айза Мамбекова сегізінші орында келеді. Ол 49,99 ұпай жинады. Енді отандастарымыздың еркін бағдарламасы 25 ақпанда Астана уақыты бойынша 14:00-де басталады.