АЗИАДАНЫҢ ҮШІНШІ АЛТЫНЫН АЛДЫҚ
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Саппоро қаласында өтіп жатқан Азиадада 7,5 шақырым қашықтықта спринтерлік жарыстан алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Вишневская 20:32.6 минут көрсеткішпен бірінші келсе, екінші болып одан 24.2 секундқа қалып қойған қытайлық спортшы келді, үшінші орынды тағы бір қазақстандық Алина Райкова алды. Ол отандасынан 50.6 секундқа қалып қойды.
Еске салайық, осыған дейін биатлоншы Ян Савицкий алтын медаль, ал Василий Подкорытов пен Елена Коломина күміс медаль алған болатын. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында үш алтын медаль бар. Одан бөлек - тағы төрт күміс және бес қола медаль.