БІР АЛТЫН ЖӘНЕ ЕКІ КҮМІС
Қазақстан құрамасының спортшылары Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиа ойындарында бір алтын және екі күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алтын медальді қоржынға биатлоншы Ян Савицкий салды. Ол 10 шақырымға спринттен жарыста үздік болды. Екінші болып мәреге тағы бір қазақстандық Василий Подкорытов келді. Ол күміс медаль еншіледі.
Савицкий бір рет қана мүлт кетіп, қашықтықты 26 минут 59,2 секунд көрсеткішпен жүріп өтті. Ал Подкорытов екі рет мүлт кетіп, 15 секундқа кешігіп келді.
Тағы бір күміс медальді шаңғышы Елена Коломина бес шақырымға классикалық стильде жүгіруден жеңіп алды. Коломина қашықтықты 15:02.8 минут көрсеткішімен келіп, Жапония спортшысы Юки Кабаяшиден 6,7 секундқа қалып қойды. Ал қола медаль Қытай өкіліне бұйырды.
Айта кетейік, Коломина бұл жарыста осымен үшінші медальді алып отыр. Бұған дейін ол 1,4 шақырымға классикалық стильде жүгіруден күміс, ал 10 шақырымға еркін стильде жүгіруден қола медаль жеңіп алған еді.
Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі уақытта 10 медаль бар - екі алтын, төрт күміс және төрт қола медальдар.
Бүгін, 23 ақпанда Саппорода қысқы Азиаданың бесінші күнгі жарыстары жалғасады. Жарыстың ресми сайты Қазақстан құрамасы қатысатын 6 спорт түрін көрсетеді. Солардың ішінде ең маңыздысы - әйелдер арасындағы биатлоннан Галина Вишневская қатысатын жарыс.