ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ГИМНАСТШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН КҮМІС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ!
Астана қаласында 9 мемлекеттен 400-ден аса спортшылар қатысқан «Жұлдыз-2014» кубогы үшін көркем гимнастикадан III халықаралық турнир өтті. Турнирге 1998-2007 жылғы туылған спортшылар бақ сынады.
2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Сыр елінің гимнастшылары топтық көріністе күміс жүлдеге ие болды. Топ құрамында Динара Шамсудин, Даниелла Қанат, Салтанат Сейітмұхан, Ольга Тян және Ақбота Өтегендер өнер көрсетті. Бірінші орынды Астана, үшінші орынды Алматы қаласының гимнастшылары еншіледі.
Сондай-ақ, 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында біздің гимнстшы қыздарымыз төртінші орынды иеленді.
Енді гимнастшыларымыз үстіміздегі жылдың 22-26 қазан аралығында Алматы облысында көркем гимнастикадан өтетін ҚР чемпионатына қатысады.