ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛДЫ
Маңғыстау облысында қазақ боксының негізін салушы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған VIII халықаралық турнир өтті.
Ақтаудағы жарыс 15 қазаннан бастап 5 күнге созылды. Чемпиондық атаққа әлемнiң 8 елінен 110 спортшы таласты.
Жарыс Қазақ ССР-ында 1936 жылдан бастап әуесқой бокстың дамуына үлес қосқан, аты аңызға айналған спортшы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналды. Айта кету керек, бұл халықаралық турнир жеңімпаздарына қазақстан бокс федерациясының шешімімен «Қазақстан республикасының спорт шебері» атағы беріледі. Бұл турнир спорт министрлігінің күнтізбесіне еніп AIBA халықаралық мәртебесіне ие.
Аталған жарыста қызылордалық спортшылар ойдағыдай ойын өрнегін көрсетті. Олардың қоржынында бір алтын және бір күміс бар.
Жарыстың чемпионы, 64 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен қызылордалық Қазыбай Жалғасбай қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Жеңіске сәл ғана ұпай жетпеген жерлесіміз Баққожа Инаятуллаев 52 салмақ дәрежесінде ойын көрсетіп, күміс медальмен марапатталды.
Халықаралық турнирге спортшыларды ҚР-на Еңбегі Сіңген жаттықтырушы Ғалым Байгүндиев дайындады.
Фариза ОМАРОВА