ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА ТӨРТ ҚҰРЛЫҚ ТУРНИРІНДЕГІ ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАДАН СОҢ ҮШІНШІ ОРЫНҒА ТАБАН ТІРЕДІ
Элизабет Тұрсынбаева Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында Төрт құрлық турниріне қатысып жатыр, деп хабарлайды sports.kz.
Қысқа бағдарламадан кейін 68,25 балл жинаған канадалық мәнерлеп сырғанаушы Габриэль Дэйлмен көш бастады. Екінші орынды оның отандасы Кэйтлин Осмонд (68,21), ал үшінші орынды - Қазақстан атынан қатысып жатқан Элизабет Тұрсынбаева (66,87) иеленді.
Еркін бағдарламаны мәнерлеп сырғанаушылар сенбі күні көрсетеді.
Еркін бағдарламаны мәнерлеп сырғанаушылар сенбі күні көрсетеді.