«ҚАЙСАРДА» ӨЗГЕРІС БОЛУЫ МҮМКІН
Қызылордалық «Қайсар» ФК Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу дайындығында Украинаның «Олимпик» клубымен ойнап тең түсті. Есеп – 0:0.
Сонымен қатар, Стойчо Младенов бастаған қайсарлықтардың жаттығуы әрі қарай жалғасуда. Клубқа бөлінген мол қаржыдан кейін «Қайсардың» құрамы тағы бір қазақстандық белгілі ойыншымен толығуы мүмкін. Ол 28 жастағы Семей футбол клубының түлегі Азат Ерсалимов.
Ал, «Қайсардың» бұрынғы шабуылшысы Жасұлан Молдақараев қостанайлық «Тобыл» футбол клубымен келісім шартқа отырды. Өткен маусымда Жасұлан Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубында ойнағаны белгілі.
Ал, «Қайсардың» бұрынғы шабуылшысы Жасұлан Молдақараев қостанайлық «Тобыл» футбол клубымен келісім шартқа отырды. Өткен маусымда Жасұлан Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубында ойнағаны белгілі.