ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
Астана қаласында 8-10 жас аралығында балалар арасында теннистен өткен «Қызғылт сары» доп республикалық турнирінде жерлесіміз Зауырбек Амангелді жеңімпаз атанды.
Ол жасы кішілігіне қарамастан алты кездесуде де қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жетті. Болашағынан үміт күттіретін жас спортшыны жарысқа Нұрлан Жұрымбетов дайындады.
Айта кетейік, бүгін Ақтөбеде теннистен 12 жасқа дейін жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.
Айта кетейік, бүгін Ақтөбеде теннистен 12 жасқа дейін жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.