2015 ЖЫЛЫ ГОЛОВКИН 4 ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕДІ ДЕП ЖОСПАРЛАНУДА
Орта салмақта WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер боксшының келесі жекпе-жегі Монакода өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Алайда бұл нақты емес, егер орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес Головкинге қарсы қолғап түйістіруге келіссе, келесі жекпе-жек АҚШ-та өтіп қалуы ықтимал.
«Біз Чавеспен жұдырықтасуға дайынбыз, - деп келтіреді Леффлердің сөзін allboxing.ru. — Бұл үлкен жекпе-жек, алайда біз оны рингке шығуға мәжбүрлей алмаймыз».
Бұдан бөлек Том Леффлер келесі жылы Головкин дәстүрлі жоспарды сақтап, шаршы алаңнан жиі көрінуді жоспарлап отырғанын мәлім етті. Қазақстандық боксшының командасы 2015 жылы 4 кездесу өткізуді жоспарлауда.