СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ТЫНЫСЫ КЕҢИ ТҮСПЕК
Белгілі боксшы, Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев басқаратын «Тарлан Батырлары» ЖШС Қызылордадағы «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсететін болды. Облыс әкімдігіндегі жиында тараптар осыған уағдаласты.
Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мұның мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы қанатқақты жоба екенін атап өтті. Тікелей келіссөз нәтижесінде жеке әріптес ретінде анықталған серіктестік басқа да облыстарда осы бағытта жұмыс істемек. Жоба спорт кешенінде бокс, күрес, дзюдо, таэквондо, ауыр атлетика сияқты спорт түрлері бойынша жеке жаттығулар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік береді. Оқу-жаттығу жиындары кезінде кәсіби спортшыларға арналған 24 орындық жатақхана қарастырылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік облыстық бюджеттің ауыртпалығын азайтып, халықты дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз етуге жол ашады.
Жиын барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев және «Тарлан Батырлары» ЖШС директоры Бақтияр Артаев жоба аясында келісімшартқа қол қойды, деп жазады http://syrboyi.kz/.