«ҚАЙСАР» ДАЙЫНДЫҚТЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА
Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша Қызылорданың «Қайсары» Түркия жерінде жаңа маусымға дайындығын жалғастырып жатыр.
Стойчо Младенов басқаруындағы ұжым дайындық пен жолдастық кездесулерді ұштастыруда.
Сондай ойындардың бірінде «Қайсарлықтар» македониялық «Пелистер» командасымен 2:2 есебімен тең түсті. Біздің командадан соғылған гол авторлары Иван Граф пен Евгений Горячий. Сырбойылық команда мынадай құраммен ойнады. 1-тайм – Исламқұлов - Граф, Алтаев, Чуреев, Евстигнеев, Көкеев, Камара (Нәрзілдаев), Аржанов, Курьор, Байжанов, Николич. Екінші таймда алаңға Цирин - Горячий, Ламандж, Мулдаров, Әмірсейтов, Нәрзілдаев, Керімжанов, Жақаев, Алтынбеков, Идрис, Санди шықты.
Келесі жолдастық кездесуде «Қайсар» венгриялық «Шорокшар» командасынан басым түсті. Есеп — 2:0. Гол авторлары Мақсат Байжанов и Стефан Николич.
Сондай-ақ, «Қайсардың» фарм-клубы «Байқоңыр» алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанды. 8 - 23 ақпан аралығында Тәжікстанның Қайраққұмында өтетін оқу-жаттығу жиынына 25 футболшы шақырылып отыр. Команданың Бохористон кубогы ойындарына қатысуы күтілуде. «Қайсар» ФК құрылымы саналатын «Байқоңырдың» негізгі командаға ойыншылар дайындауда орны ерекше.
Сонымен қатар, «Қайсар» ФК баспасөз қызметі бірқатар БАҚ-тарда жарияланған ақпаратты жоққа шығаратындығын жария етті. «Бірқатар БАҚ-тарда «Қайсардың» негізгі командасының жаттықтырушысы Сұлтан Әбілдаевтың «Жетісу» командасының жаттықтырушылар құрамына енгендігі хабарланған еді. Бұл дерек шындыққа сәйкес келмейді. Дәл қазір Сұлтан Тоқатайұлы «Қайсардың» негізгі командасының жаттықтырушысы ретінде жұмысын жалғастыруда», - дейді клуб сайтындағы хабарламада.