УНИВЕРСИАДА-2017: РЕСЕЙ МЕДАЛЬДАР САНЫ БОЙЫНША АЛДЫН АЛА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Ресейдің хоккейден әйелдер құрамасы финалда жеңіске жеткеннен кейін, аталмыш ел қысқы Универсиада ойындары медальдар саны бойынша бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Қазақпарат.
Дүйсенбі күні ресейлік хоккейші қыздар канадалық қарсыластарын жеңіп, «алтын» еншіледі. Бұл Алматыда өтіп жатқан турнирде Ресейдің қоржынына түскен жоғары сынамадағы 23-інші медаль болды. Ресми емес медальдық есепте ресейліктерді өкшелеп келе жатқан - Қазақстан құрамасының еншісінде осы уақытта 10 алтын, деп жазады Р-Спорт. Қысқы Универсиада ойындарының соңына дейін медальдардың тағы 16 жиынтығы ойнатылады. Қазақстан құрамасы ең көп дегенде тағы 13 алтын медаль еншілей алады. Бірақ мұның өзінде де ресейлік команданы күміс медальдар саны бойынша қуып жете алмайды. Осы уақытта Ресей құрамасының еншісінде - 20, Қазақстанда 6 күміс бар. Алматыда 28-інші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары 8 ақпан күні аяқталады. Айта кетейік, 6 ақпан күнгі жарыс нәтижесі бойынша, турнирлік кестеде бірінші орында - Ресей (23 алтын, 20 күміс, 13 қола медаль), екінші орында - Қазақстан (10 алтын, 6 күміс, 11 қола медаль) және үшінші орында Корея (8 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль) тұр.