ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИАДАНЫҢ ТОҒЫЗЫНШЫ АЛТЫНЫН АЛДЫ
Қазақстан қоржынына Универсиаданың тоғызыншы алтын медалі түсті деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған nur.kz порталы.
Құрамында Анна Шевченко мен Олжас Климин бар қазақстандық шаңғышылар үздік нәтиже көрсетті - 18:23.48.
Осылайша олар ел қоржынына тоғызыншы медальді салып отыр. Екінші орында Франция командасы (18:28.67), ал үшінші орынды Ресей командасы (18:29.50) жеңіп алды.
Тағы бір қазақстандық жұп Ольга Мандрик пен Сергей Малышев 19:11.72 нәтижесімен алтыншы болып келді.
Айта кетейік, Шевченко Универсиадада Қазақстанға бірінші болып медаль алып берген еді. Ол дәстүрлі жүрістен жеке бақ сынап, үшінші орын алған болатын.