Г.ГОЛОВКИН МЕКСИКАЛЫҚ МАРКО АНТОНИО РУБИОНЫ 2-ШІ РАУНДТА ҚҰЛАТТЫ
Бүгін АҚШ-тың Калифорния штатының Карсон қаласында WBA (Super) және ІВО нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубиомен кездесті.
Екінші раундта қазақстандық боксшы мексикалык қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, Г.Головкин өзінің кәсіби рингтегі 31-ші жеңісіне қол жеткізді.
Есте болса, таяуда ғана ВКонтакте желісіндегі «GGG» тобының парақшасында Г.Головкин: «Ол мен үшін өте маңызды әрі қазір мықты қарсылас. Мен оның жұдырықтасу стилін осыған дейінгі қарсыластарыммен салыстыра алмаймын. Мен үшін мұндай жағдай бірінші рет. Бұл үлкен сынақ. Менің бұл кездесуге дайындығым да өзгеше. Бұл жекпе-жек мүмкін төрешілердің шешімімен аяқталатын шығар және маған осындай кездесу керек. Мен Марко Антонионың ақылды жігіт екенін білемін. Ол маған лаки-панч үшін үлкен мүмкіндіктер бермейді», - деп жазба қалдырған еді. Алайда, Геннадий «арық сөйлеп, семіз шығуды» жөн көрген сияқты. Өйткені, өзін нокаутқа жіберемін деп жер жаһанға жар салған Рубионы алғашқы раундтың өзінде-ақ ауыр соққының астына алған еді. Ал екінші раундта шабуылын үдетіп, тіпті нокаутқа да жіберді.
Жеңіс құтты болсын!