«АЛТАЙ» ПРЕМЬЕР-ЛИГАҒА ҚАТЫСПАЙДЫ
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы шығысқазақстандық «Алтай» футбол клубын Премьер-лигаға қатысатын командалардың арасынан шығарып тастады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Биыл ғана Премьер-лигаға жолдама алған клубты ел біріншілігінен шығарудың басты себебі – команда сертификатының дұрыс болмауы. Нақтырақ айтсақ, клуб жастар мен жасөсіпірімдер және 9 жас мөлшерінде 14 команда құруы керек болған. Бірақ «Алтай» бұл талаптарды орындамаған.
Сонымен қатар, клубтың екінші лигаға қатысатын құрамы да болуы керек. Алайда, бұл талап та жүзеге аспаған. «Алтайдың» орнына алдағы уақытта Премьер-лигада «Тараз» келуі мүмкін.
Айта кетейік, Премьер-лигаға жолдама алу үшін шығысқазақстандық команда дәл осы «Таразды» «Астана Арена» матчында 3:0 есебімен ұтқан болатын.