СЫР ВЕЛОСПОРТШЫЛАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Астана қаласында велоспорттан өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық велоспортшылар 5 медаль алып, жалпыкомандалық есепте ерлер арасында екінші орынға шықты.
4 шақырымдық командалық жарыста Асылхан Тұрар мен Роберт Гайнеев жеңімпаз атанса, Ғабиден Әзен күміс жүлдені иеленді.
Омниум сайысында Асылхан Тұрар алтын медаль алып, топтық жарыста Роберт Гайнеев қола жүлде еншіледі.
Жарыс қорытындысында облысымыздан 3 спортшы осы жылдың 6-11 ақпан күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында болатын Азия чемпионатына жолдама алды.
№3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде және облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа Руслан Ягафаров, Кеңес Оразалиев және Жандос Махамбетов дайындады.