ЖАМБЫЛ КӨКЕЕВ АЛДАҒЫ МАУСЫМДЫ "ҚАЙСАР" КЛУБЫНЫҢ САПЫНДА БАСТАЙДЫ
Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Жамбыл Көкеев маусымаралық үзілісте "Қайсардың" сапын толықтырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Кәсіпқой спорттағы мансабын 2005 жылы Алматының "Железнодорожник" командасында бастаған дарынды футболшы араға бір жыл салып, Ұлттық құраманың сапына шақырту алған болатын. Жамбыл Көкеев ТМД елдері арасында Англияның атақты "Уэмбли" стадионында гол соққан тұңғыш футболшы атанды.
"Астана", "Алма-Ата", "Локомотив", "Шахтер" және "Қайрат" секілді командаларда доп тепкен Жамбыл алдағы маусымды Қызылорданың "Қайсар" клубының сапында бастайды.
2006-2015 жылдары аралығында Қазақстан құрамасының жейдесімен 27 рет алаңға шығып, 2 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеген.