ФРИСТАЙЛШЫЛАРЫМЫЗ УНИВЕРСИАДАНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫН МЕДАЛІН АЛДЫ
Фристайлшыларымыз Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 қысқы ойындарында фристайлдан алтын медальді жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Спортшыларымыз 167.05 ұпай алды, ал қарсылас қытайлық екі командада 113.02 және 87.77 ұпай бар.
Осылайша, Қазақстан қоржынына сегіз медаль түсті: екі алтын, екі күміс, төрт қола.
Еске салайық, бірінші алтынды Алина Райкова алды. Ол екі рет мүлт кетіп, барлық жолды 59 минут және 48,7 секундта жүріп өткен еді. Оның артынша тағы бір қазақстандық Галина Вишневская (+2:21) келді, ол төрт рет мүлт кетті. Үздік үштікте украиналық Надя Белкина да бар (бес рет мүлт кетті, +2:23).
Қазақстанның басқа да өкілдері Дарья Усанова бес рет мүлт кетіп, мәре сызығын төртінші болып кесті, ал Елизавета Бельченко бесінші болып келді (төрт рет мүлт кетті, +3:10).