УНИВЕРСИАДАҒА ҮШ МЫҢ ЕРІКТІ ҮЛЕС ҚОСАДЫ
«Сыр бойы» газетінің меншікті тілшісі Мөлдір Қалымбет Алматыдан хабарлайды:
Универсиада қарсаңында халықаралық және республикалық БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры ұйымдастырылып, әлемнің әр түкпірінен жиналған әріптестермен бірге дүбірлі дода жайында пікір алмастық, бірнеше спорт нысанын араладық.
Жарыста 6500-ге жуық құқық қорғау қызметкерлері қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігіне жауап берсе, 3 мың ерікті ұйымдастыру ісінде белсенділік танытуда. Олардың 100-і халықаралық, тағы 100-і еліміздің әр аймағынан тартылған. Алматыдағы СДУ-дың студенті Әсел Бейсембаева да осы еріктілер қатарында. Қонақтарды күтіп алып, кез келген жағдайда оларға көмек көрсетуге, делегациялар мен жанкүйерлердің Универсиададан жақсы әсермен қайтуына барын салып жүрген студент қыз ерікті атану кейін үлкен өмірлік тәжірибе болатынына сенеді. Сондай-ақ, әлемнің сен тұр мен атайын деген студент спортшыларының басын қосқан байрақты бәсекенің бізде өтуі үлкен мәртебе ғана емес, елімізді әлемге танытудың тағы бір құралы екенін айтады.
– Универсиада арқылы ортақ идеяны ұстанып, бойында позитивті энергиясы тұнып тұрған адамдармен таныстым. Бұл жарыс еліміз үшін үлкен абырой, ол туризмнің дамуына қозғау салады. Оны сәтті өткізудің арқасында Қазақстан келешекте Олимпиада ойындарын өткізуге мүмкіндік алады деп үміттенемін. Отандастарым секілді мен де Қазақстан құрамасынан үлкен нәтиже күтемін, жүлдегер атану жолында оларға ешнәрсе кедергі болмайды деген ойдамын, – дейді Әсел.
Ресейдің Красноярск қаласынан келген «Искусство и жизнь» журналының тілшісі Василий Казаков та намысты доданы өткізу арқылы қазақ елінің әлем назарында болатынын, ол халқымыздың әлеуетін паш етуге мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, универсиаданы өткізу арқылы біз өзімізді әлемдік қауымдастық алдында ірі халықаралық жарыстарды өткізе алатын ел ретінде танытып, қажетті деңгейге сай келетін инфрақұрылым жасақтап, олимпиада ойындарын қабылдауға қабілетті екенімізді дәлелдейміз.