«МЕДЕУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДА КОНЬКИШІЛЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ РЕСМИ ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТТІ
Бүгін мұз айдынына бірінші болып француз құрамасының жалғыз өкілі Тома Мерин шықты, деп хабарлайды 28-қысқы Универсиаданың ресми сайты.
Күн таңертеңнен алабұлтты, оның үстіне бүгін синоптиктер аздаған қар жауатынын болжаған. Бірақ спортшылар осыған қарамастан дайындыққа қызу кірісті. Корея мен Румын спортшылары, Ресей конкишілері айдында жүгіріп, мұздың мықтылығын байқап көрді. Ресей командасы жарысқа 24 спортшыны әкелген. Денешынықтыру институтының студенті Максим Рохлин үшін Универсиада алғашқы халықаралық жарыс, өзі «бұл сайыс мен үшін мықтылармен бақ сынасуға берілген үлкен мүмкіндік» дейді.