УНИВЕРСИАДА-2017: ПУХКАЛО ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА ЖҮЛДЕГЕ ІЛІГЕ АЛМАДЫ
Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында 10 шақырымдық шаңғы жарысына шыққан жерлесіміз Виталий Пухкало 5-орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл жарыстың алтын медалі ресейлік Валерий Контарға бұйырды. Ал екінші және үшінші орындарды сәйкесінше тағы бір ресейлік Дмитрий Ростовцев пен франциялық Александр Пуйе (Pouye) жеңіп алды. Айта кетерлігі, Пухкалодан бөлек жарыс жолына тағы да 6 спортшымыз шыққан болатын. Олардың нәтижелері мынадай: Александр Малышев - 8, Олжас Климин -9, Сергей Малышев - 14, және Иван Люфт 23-орын.