УНИВЕРСИАДА-2017: ТАУ ШАҢҒЫСЫ ЖАРЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында тау шаңғысы жарысында жеңіске жеткен спортшылар анықталды.
Жарыс нәтижесінде бас жүлде ресейлік Елена Яковишинаға бұйырды. Ал күміс медаль финляндиялық Неа Луукконың, қола жапондық Аса Андоның қанжығасын майлады.
Тау шаңғысы жарысына еліміздің атынан екі спортшы қатысқан болатын. Олардың бірі Екатерина Карпова — 28, ал Мария Григорева 29-орынға табан тіреді.
Тау шаңғысы жарысына еліміздің атынан екі спортшы қатысқан болатын. Олардың бірі Екатерина Карпова — 28, ал Мария Григорева 29-орынға табан тіреді.