ТАҒЫ ДА АЛДА «АРДАГЕР»
Өткен демалыс күндері Қызылордадағы «Евразия» спорт кешенінде футзалдан ардагерлер арасында (40 жас және одан жоғары) белгілі футболшы, жаттықтырушы Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған IV турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына облыстық футбол федерациясының басшылары, сала ардагерлері, жарыс демеушісі «Фирма «Best-Service LTD» ЖШС өкілдері, туған-туыстары мен достары қатысты. Белгілі спортшы өмірінің жарқын сәттерінен естелік айтып, жарыстың сәтті өтуыне тілек қосты.
Әбіл Қалымбетов бар ғұмырын Сыр футболына арнаған спортшы ретінде белгілі. Алаңға ойыншы ретінде шыққан 21 жыл ішінде ұзақ уақыт жергілікті команданың капитаны болды. Алты жүз сексен үш ресми матчқа қатысып, 24 голдың авторы атанды. Ойыншы ретінде карьерасын аяқтаған соң команда басшысы, бас жаттықтырушы, «Қайсар» ФК спорттық директоры қызметтерін атқарды. Төреші-инспектор ретінде ел чемпионаттарындағы ойындарға қазылық етті.
Турнирде ардагерлерден жасақталған 12 ұжым жүлдені сарапқа салды. Төрт топтан іріктелген командалар жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда сайысқан алғашқы жұптан «Қайсарды» ұтқан (негізгі уақыт 4:4, пенальти 3:1) «ПетроҚазақстан» командасы шықты. «Инфракос-Қармақшыны» 9:0 есебімен ойсырата ұтқан «Ардагер» командасы екінші финалист атанды.
Үшінші орын үшін болған ойында «Қайсардың» алдын «Инфракос-Қармақшы» командасы орап кетті. Ал финалда «ПетроҚазақстанды» 5:0 есебімен ұтқан «Ардагер» турнир жеңімпазы атанды.
Марапаттау салтанатында «Ардагерге» ауыспалы Кубок пен 250 мың теңге, «ПетроҚазақстанға» 150 мың теңге, ал «Инфракос-Қармақшы» командасына 100 мың теңге табыс етілді. «Қайсар» командасы ойыншылары 80 мың теңгені қанағат тұтты.
Спортшының жұбайы Дана Саймағамбетқызының үздік ойынымен көзге түскен ойыншыларға тағайындаған жүлдесі қақпашы С. Жмуринге («Ардагер»), қорғаушы Б.Қадыровқа («Қайсар»), шабуылшы А.Елеусіновке («Инфракос-Қармақшы») тапсырылды. Ал турнирдің «Үздік ойыншы» номинациясын Әлімхан Жүсіпбеков («ПетроҚазақстан») иеленді. Облыстық футбол федерациясы тарапынан тағайындалған грамоталар мен сыйлықтарды Тимур Тасбергенов, Жеңіс Қожамқұлов, Ережеп Серікбаев пен Владимир Ольшанскийлер иеленді. Ә.Қалымбетовтің отбасына футбол ардагерлері Тимур Қасымов пен Әкімжан Әбішев өз сыйлықтарын тарту етті.