ДОПИНГ ДАУЫ: ЛОЗАННА СОТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ӨЗ АУЫР АТЛЕТТЕРІН ҚОРҒАЙДЫ
26 қаңтарда Лозаннада Спорттық арбитраж сотының отырысы өтеді. Сот 3-4 сағатқа созылады деп күтілуде. Оның қорытындысында Халықаралық Ауыр атлетика федерациясы Қазақстан зілтеміршілерін спорттан шеттету жөніндегі нақты шешімін жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырысқа Қазақстан тарапынан Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафин қатысады. Ал Қазақстан мүддесін қорғау үшін адвокат әрі ресми өкіл ретінде тәжірибелі швейцариялық заңгер Клод Рамони болмақ.
«Ауыр атлетика федерациясы өз тарапынан сот шешімінің спортшылардың мансабына кедергі келтірмеуі үшін қолдан келгеннің барлығын істеуге тырысады. Себебі біз ең біріншіден, спортшыларды шеттету жазасы қолданылмауына күш саламыз», - делінген «ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына берілген Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының жауабында.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр ҚР Ұлттық чемпионаттарында допингтің 4 оқиғасы ғана тіркелген. Халықаралық жарыстарда бірде-бір оқиға тіркелмеген, оның өзі үлкен көрсеткіш, деп санайды федерация.
Жалпы ел бойынша допингпен күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егер Қазақстан құрамасын спорттан бір жылға шеттету шешімі шығарылатын болса, онда бұл шешім атлеттердің мансабына қатты әсер етпейді. Спортшылар Азия біріншілігі және әлем чемпионаты сияқты жыл сайынғы турнирлерге қатыспауы мүмкін.
«Ағымдағы жылдың жарыстары лицензиялық болып табылмайды, сондықтан егер қысқамерзімді шеттету болса, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға жолдама жинау науқанына және ұпайларға еш әсер етпейді. Сонымен қатар, спорттан уақытша шеттету команданың жаттығуы доғарылады және ұлттық деңгейдегі жарыстар өткізілмейді деген сөз емес», - деп атап өтті федерация.
Еске сала кетейік, 2008 және 2012 жылғы Олимпиада сынамаларын қайта ашу кезінде Илья Ильиннен, Майа Манезадан, Светлана Подобедовадан, Зульфия Чиншанлодан (барлығы «алтын»), Ирина Некрасовадан («күміс»), Мария Грабовецкаядан («қола») допинг табылды. Халықаралық Олимпиада комитеті бұл спортшылардан Олимпиада жүлделерін кері қайтарды. 2016 жылы 22 маусымда IWF ұйымының атқарушы комитеті 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиадаларда бір елден үш спортшыдан допинг табылса, ол елдің ауыр атлетика федерациялары 1 жылға спорттық жарыстардан шеттетіледі деген қаулы қабылдаған болатын.