РЫПАКОВА БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС МЕДАЛІН АЛУЫ МҮМКІН
Ресейлік жеңілатлет Татьяна Лебедева 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында қашықтыққа секіруден және үш аттап секіруден алған күмісінен айырылды. Допинг сынамасы оң нәтиже бергендіктен Халықаралық Олимпиада комитеті осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды vesti.kz.
Осылайша, Лебедеваның 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында алған күміс медалі қазақстандық Ольга Рыпаковаға өтуі мүмкін. Ал бұған дейін Рыпакова үшінші орын алған қарсыласы грекиялық Хрисопия Деветцидің допингпен ұсталуына байланысты қола медальға ие болған еді.
Бейжіңдегі медаль – Рыпакованың мансабындағы үшінші Олимпиада медалі: 2012 жылы Лондонда ол чемпион атанса, 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада қола медаль алған болатын.
Бейжіңдегі медаль – Рыпакованың мансабындағы үшінші Олимпиада медалі: 2012 жылы Лондонда ол чемпион атанса, 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада қола медаль алған болатын.