РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР «НҰРСӘТ» ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛДЫ
Қызылорда қаласында «Нұрсәт» теннис орталығының жүлдесі үшін 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында теннистен ашық республикалық турнир өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова мәлімдеді.
Осымен төртінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан 6 команда қатысты. Ұлдар арасында қызылордалық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, Мұхтар Сейітқасымов алтыннан алқа тағынса, Елжас Сағынай күміс жүлдені, Арман Кенжебек қола жүлдені еншіледі. Ал қыздар арасында Дана Исабаева (Алматы обл.) жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші, үшінші орындарды Ләйлә Меңдиярова (Қызылорда) мен Азиза Күпбаева (Ақтөбе обл.) иеленді.
Турнирдің «Ең жас қатысушы» номинациясымен Адель Малгонусова (Алматы қ.), «Жеңіске деген ынтасы үшін» оңтүстікқазақстандық Анастасия Попова мен қызылордалық Ләйлә Айтбайқызы, «Үздік техника көрсеткені үшін» Елизавета Кузьменко (Алматы қ.) мен Нұрай Көбенова (Қызылорда қ.) марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубок және медальдар табыс етілді.
Шынар БЕКБАН