«ҚАЙСАР» МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
Республикалық www.sports.kz порталының хабарлауынша премьер-лигага қайта оралған «Қайсар» бүгінде Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Клуб құрамында бірқатар өзгерістер де бар. Жуырда ғана «Қайсардың» басшылығына Эдуард Глазунов тағайындалды. Өткен жылы да командада сәл ғана уақыт қызмет етіп кеткен ол белгілі маман Құрбан Бердыев басқаратын ресейлік «Ростов» футбол клубында сынақтан өтіп келген еді.
Өткен жыл соңында команданың бас бапкері болып тағайындалған болгар маманы Стойчо Младенов Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан кейін команда құрамы жаңаруы мүмкін екендігін айтып отыр.
Олардың қатарында бір кездері ел құрамасында ойнаған тәжірибелі жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеев пен шабуылшы Сергей Гридин бар. Олардан бөлек 26 жасар камерундық қорғаушы Абдель Ламанж да команда жейдесін киеді. Ол өткен маусымда «Атырау» құрамында ойнап, премьер-лигада 32, ел кубогында үш ойын өткізген. «Атырауға» дейін Францияның «Гренобль Футбол 38-Б», Ресейдің «Шинник», «Ротор» сапында алаңға шықты.
«Болгариялық «Гонг» басылымы осы елдегі «Локомотив» (Горна-Оряховица) командасының ойыншысы Матиас Курьордың желтоқсан айында қайсарлықтармен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысқанын жазады. Оны да биыл қызылордалық команда сапында көруіміз әбден мүмкін» деп хабарлайды Sports.kz.
Француз фуутболының түлегі саналатын М.Курьор – Мартиника құрамасының ойыншысы. Өткен маусымда Болгарияның ең мықты дивизионы саналатын команда сапында 11 ойын өткізіп, 3 гол соқты. Мартиника құрамасындағы 7 ойында 2 голдың авторы атанды.
Novsport.bg басылымының жазуынша 26 қаңтар күні Антальяда болгардың «Локомотиві» (Пловдив) мен «Қайсар» арасында ойын өтеді. Ал 9 ақпан күні жерлестеріміздің тағы бір болгар клубы – «Славиямен» кездесуі жоспарлануда.