ЖАЛАҒАШТА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТУДЕ
Бұқаралық спорт түрлерін дамыту, тұрғындарды спортпен тұрақты шұғылдануға тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында мұғалімдер арасында аудандық ІІІ қысқы спартакиада өтуде. Үш күнге созылатын сайыста кент және ауылдық округ мектептерінің мұғалімдерінен құралған командалар спорттың 6 түрінен өзара бақ сынасады. Кеше ашылған спартакиададағы алғашқы ойын волейболдан өтті. Жарыс соңында жеңімпаз командалар дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылатын болады.