ӘЙГІЛІ ЖЕЛАЯҚТЫҢ ӘЛЕМДІК РЕКОРДТАРЫ ЖОЙЫЛА МА?
Халықаралық жеңіл атлетика ассоциациясы (IAAF) көбейіп кеткен допинг дауынан кейін барлық әлемдік жетістіктің күшін жою мәселесін қарауды жөн көріпті. Бұл туралы Халықаралық спорт баспасөзі ассоциациясы өз сайтында хабарлап отыр.
Ассоциация спорт беделіне нұқсан келтіретін допинг дауынан кейін жеңіл атлетика осыған дейін жасалып қойған барлық рекордтың күшін жойып, «жаңа кезеңге» өтуі тиіс деген тұжырымға келген.
Осы бастамаға байланысты әлемдік рекордтарынан мансап жолын аяқтап қойған сырықпен секіруші Елена Исинбаева (28 рекорд) және 100, 200 метр және эстафетада жүгіруден әлемнің алты дүркін чемпионы Усейн Болт (8 рекорд) өз рекордтарынан айырылуы мүмкін. Әйгілі желаяқ Усейн Болт биыл спорттан кетуді жоспарлап отырған еді.