АҚТАУДАН ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Ақтау қаласында каратэ-додан (WKF) халықаралық турнир өтті. Оған қызылордалық спортшылар да қатысып, жүлдемен оралды.
Халықаралық турнирде жерлестеріміз қанжығаларына 5 медаль байлады. Оның 3-і алтын, 2-і қола медаль. 18 жасар қыздар арасында 50 келі салмақ дәрежесінде Мөлдір Жаңбырбай, жастар арасында 60 келі салмақта Мантай Сүйіндік, 9 жасар қатысушылар арасында дараланған Шайхы Гафур алтыннан алқа тақты.
Сонымен қатар, 8-9 жастағылар арасында Мейіржан Әділхан мен 18 жастан жоғары жастар арасында тамаша ойын өрнегін көрсеткен Нұржан Ақпанбеттер қола медаль алды. Спортшыларымызды жарысқа жаттықтырушылары Р.Абжамиев пен Н.Ақпанбет дайындады.