АУЫР АТЛЕТИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, Арал аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен N19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің ұйымдастыруымен ауыр атлетикадан "ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "Құрметті спорт қайраткері", көрнекті спорт тілшісі Өмірзақ Жолымбетовті еске алуға арналған облыстық ашық біріншілік өтті. 2004 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі М.Оразбаев спортсүйер қауымды айтулы күнмен құттықтап, Ө.Жолымбетовтің өмір жолына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, ауыр атлетикадан ҚР әйелдер құрамасының бас бапкері, Өмірзақ Жолымбетовтің шәкірті әрі жарыстың бас төрешісі Вилорий Пак жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Ұлдар арасында өз салмақ дәрежелері бойынша Ернар Ақберген (24 келі, Жалағаш), Нұржан Шаңғыртбай (28 келі, Қазалы), Қайсар Пернебек (30 келі, Жаңақорған), Ерасыл Сәулебеков (32 келі, Арал), Әлішер Нұрылла (34 келі, Қазалы), Бабыр Қожантай (36 келі, Арал), Айнұржан Шаңғыртбай (38 келі, Қазалы), Нұрасыл Орнықбай (40 келі, Қызылорда), Дмитрий Шин (42 келі, Қызылорда), Мұхаммедқанафия Қыстаубаев (44 келі, Қызылорда), Даниал Сайлаубеков (46 келі, Қармақшы), Рүстем Ербосынов (50 келі, Қызылорда) және Рақымжан Ерқауысов (56 келі, Қызылорда) бірінші орын тұғырынан көрінді.
Қыздар арасындағы бәсекеде Назерке Әбдіқадыр (30 келі, Қармақшы), Алтынай Тәңірбергенова (36 келі, Қазалы), Салтанат Қыпшақбай (+36 келі, Қазалы) топ жарды.