ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
1-5 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы «Еуразия» спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан әйелдер мен ерлер арасында Қазақстан кубогы өтті.
Бес күнге созылған жарыста Алматы қаласынан және облыс орталықтарынан 15 команда, 152 зілтемірші кімнің мықты екенін анықтады.
Жылдағы дәстүр бойынша 94 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған спортшыға ақшалай сыйлық пен Илья Ильин атындағы кубок тапсырылады. Бұл бәсекеде қызылордалық Рүстем Сыбай екінші мәрте кубок пен сертификаттың иегері атанды.