ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛАДЫ
1-5 желтоқсан аралығында Қызылорда қаласы "Евразия" спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы өтеді.
Оған Астана, Алматы қалалары мен облыстардан 200-дей спортшы 15 салмақ дәрежесінде бақ сынасады. Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Республикалық және облыстық ауыр атлетика федерациясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Жарыстың басталуы 1 желтоқсан сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 16.00-де «Евразия» спорт кешенінде.
Жарыстың басталуы 1 желтоқсан сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 16.00-де «Евразия» спорт кешенінде.