ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ГҮЛФАЙРУЗ САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Қызылордалық Гүлфайруз Наймантаева Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан самбодан әлем чемпионы атанды. Ол жастар арасында 44 келі салмақ дәрежесінде бірнеше кездесу өткізіп, финалда ресейлік қарсыласынан басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Гүлфайруз осы жарыстан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Ол бұған дейін өткен жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленген болатын. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында 2 дүркін Азия чемпионы, дзюдодан жастар арасында 2 дүркін Қазақстан чемпионы.
Айта кеткен жөн, әлем чемпионатына 32 ел қатысуда. Аталмыш чемпионатқа Қызылордадан тағы бір спортшымыз Аида Ермаш ертең жасөспірімдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Енді Гүлфайруз желтоқсан айында жастар арасында дзюдодан болатын Азия чемпионатына қатысады. Қос спортшы да №1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алады. Оларды жарысқа Жанар Дүйсекен дайындаған.