«ҚАЙСАР» КОМАНДАСЫНА ЖАҢА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ КЕЛДІ
«Қайсар» футбол клубы болгариялық Стойчо Младеновпен «1+1» жүйелі келісім-шартқа отырды. Егер клуб 2017 жылды нәтижелі аяқтаса, келісім-шарт автоматты түрде тағы бір жылға созылады. Бұл туралы аталған футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап egeben.kz хабарлады.
Қызылордалық клубтың жаңа жаттықтырушысы — Стойчо Младенов. Ол 1957 жылы 12 сәуірде Болгариядағы Плоски ауылында туған. 1974 жылдан бастап «Димитровград» футбол командасында ойнап, кейін «Берое» мен Софиядағы ЦСКА-ға ауысқан. Одан бөлек «Белененсеш», «Витория Сетубал», «Эшторил», «Олянензе» сынды командаларда ойнаған ол 37 жасында мансабын аяқтады. Ол өзінің футболдағы 20 жылдық еңбегінде барлығы 430 кездесу өткізіп, 185 гол соққан.
Младеновтың жаттықтырушылық мансабында «Эшотрил», «Оянензе», «Белененсеш», «Литекс», «Калетея», ЦСКА (Болгария), «Аль-Ахли» (Сауд Арабиясы), «Аль-Етифак» (Сауд Арабиясы), ЕНППИ (Египет), «Аль-Итихад» (Египет) футбол клубтары бар. Ал, 2016 жылдың маусым айынан бастап ол «Атырау» клубын басқарған болатын.
Айта кетейік, «Қайсар» футбол құрамасы жаңа жаттықтырушымен оқу-жаттығу жиынын желтоқсан айынан бастап өткізеді.