СЫРБОЙЫЛЫҚ АРЫСТАНБЕК ЖАҚАНША АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Жапонияның астанасы Токио қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Сыр бойының ұланы Арыстанбек Жақанша 69 келі салмақта Азия чемпионы атанды.
Арыстанбек Жақанша 1999 жылы дүниеге келген. Қызылорда жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі. Ол зілтемірге дейін 5 жыл дзюдо спортымен айналысқан. Чемпионның жаттықтырушылары Арман Абдраев пен Нұржан Смаханов, деп хабарлайды Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. Токио төріндегі дүбірлі дода кезінде Арыстанбек жұлқа көтеруде 128, серпе көтеруде 156 келі көтеріп, қоссайыс нәтижесінде 284 келіге қол жеткізіп чемпион атанды. Қазақ елінен жарысқа 7 зілтемірші қатысып жатыр.