МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Аралдағы Орталық стадионда аудан әкімдігінің қолдауымен "Нұр Отан" партиясының және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Нұр Отан" партиясының Арал аудандық филиалының жүлдесі үшін мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында дәстүрлі аудандық спартакиадасы жалауын көтерді.
Жарысқа 12 команда, құрамында 39 спортшы қызметкер қатысуда. Жарыс 8 ойын түрінен өткізіледі. Олар: футбол, волейбол, 100м жүгіру, 2400м жүгіру, эстафета, дартс, үстел теннисі, арқан тарту.