ЭЛИЗАБЕТ ТҰРСЫНБАЕВА РЕСЕЙ ГРАН-ПРИІНДЕ БЕСІНШІ БОЛДЫ
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «Ресейтелеком кубогы» Гран-прий сериялары кезеңінде бесінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Sportfm.ru.
Ресейлік Анна Погорилая Rostelecom Cup Гран-приінің үшінші кезеңінің жеңімпазы болды. Қысқа және еркін бағдарламалар жиынтығында ол 215,21 ұпай жинады. Екінші орында 195,60 ұпайға қол жеткізген Елена Радионова тұр. Юлия Липницкая қысқа бағдарламадан соң үшінші сатыда тұрған. Алайда еркін бағдарламада ол жарақатына байланысты соңына дейін өнер көрсете алған жоқ, сол себепті 12-орынға бір-ақ сырғыды. Үшінші орынға АҚШ спортшысы Кортни Хикс 182,98 ұпаймен табан тіреді.
Төртінші орында - қытайлық Ли Цзыцзюнь (181,83). Жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева (181,32) - бесінші орында.
Төртінші орында - қытайлық Ли Цзыцзюнь (181,83). Жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева (181,32) - бесінші орында.