ЖАРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жаңақорғандағы Ордакент ардагерлер үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спорттың дойбы, үстел теннисі, пауэрлифтинг, дартс, қашықтыққа жүгіруден аудандық жарыс өтті.
Жарысты аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Айтбембет салтанатпен ашып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарысқа кент және ауыл-аймақтан келген 25-тен астам спортшылар қатысты. Жарыс жеңімпаздары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен марапатталып, «Жебеуші» қоғамдық қорының тағайындаған бағалы сыйлықтары табысталды.