ФААТ КИТАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ
Облыстық татар этномәдени орталығы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірігіп Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда Фаат Китаевты еске алуға арналған жеңіл атлетикалық көпсайыстан турнир өтті. Бұл туралы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.
Оған барлық қызығушылық білдірген әртүрлі жастағы спорт жанкүйерлері қатысты. Жарыс үш жас ерекшелігі бойынша өтті. Жасөспірім ұл-қыздармен бірге ардагерлер де қатысу мүмкіндігіне ие болды. Балалар мен жасөспірімдер спринт 60 м, қашықтыққа жүгіру – 500-1000 м, ұзындыққа секіру және кіші допты лақтырудан сайысты. Ал ардагерлер 60, 500 және 1000 метрге жүгіріп, ұзындыққа секіріп қана қоймай, күштік гимнастика мен белтемірде тартылудан бақ сынасты.
Спортты серік еткен көп жылдар бойы Ғани Мұратбаев атындағы стадионның директоры болған керемет қасиеттерге ие білікті басшыны қызылордалықтар жақсы таниды. Ф. Китаев РФ Татарстандағы Тельман қаласында дүниеге келген. 1930-1937 жылдар аралығында отбасымен Қызылордаға қоныс аударған. Еңбек жолын 16 жасында мемлекеттік кемелер мекемесінің қалалық айлағында бастады. Кеңес армиясы сапында борышын өтегеннен соң Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педогогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасында 10 жылдай оқытушы болды. Мотоспорт және жеңіл атлетикамен жүйелі түрде шұғылданды. Сыр өңіріндегі велоспорттың негізін қалаушылардың бірі. Ф. Китаев дене тәрбиесі кафедрасында қызмет атқарып жүріп, жас өрендерді велоспортқа баулыған.
Турнирдің ашылуында оның жұбайы Роза Китаева сөз алып, Фаат Хамитұлының жасаған игі еңбектерін, оның біліктілігі мен жұмысқа деген ыждаһаттылығын айтып өтті.
Бұл кісінің жетістіктері жетерлік. Соның ішінде, ерекше айтып өтетіні, ол ҚР халықтарының бірінші спартакиадасына Елбасы Н. Назарбаевтан шақырту алған өңірдегі бірден-бір ардагер. Астанада өткен сол салтанатты шарада Фаат Хамитұлына мемлекет басшысы алтын сағат тарту етті. Құрметті қонақ ретінде бірқатар ірі жарыстардың куәсі болды, соның ішінде 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиадаға да барды. Оның есімі 2001 жылы Тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығы қарсаңында шыққан «Қарттарым-асыл қазынам» кітабына және 2005 жылы «Сыр елі» энциклопедиясына енді.
«Фаат Хамитұлы темірдей тәртіпті жаны сүйетін. Жұмысқа ерекше жауапкершілікпен қарайтын. Мәселен, ол Қазақстанда бірінші болып жасыл алаңды қыста қалай сақтаудың жолын ойлап тапты. Бұл мәселе сол жылдары Қазақстан үшін ең өзекті мәселелердің бірі болатын. Стадионның қосалқы алаңы мен жеңіл атлетикаға арналған сапалы жолақтың салынуына да тікелей атсалысты», - деп еске алды турнирді ұйымдастырушылар мен оған қатысушылар.
Екі күнге созылған турнирдің нәтижесінде жеңімпаздар диплом, кубок, сонымен бірге Фаат Китаев атындағы алқа белгісін иеленді.